banner

Қостанай облысында тұрғынды беймәлім жағдайда күйік шалды

678

Қостанай облысында тұрғынды беймәлім жағдайда күйік шалды

Қостанайда 48 жастағы әйел беймәлім жағдайда жалыннан күйік алып қалған. Бұл турал облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, alau.kz хабарлайды.

"Денесінің  30 пайызын күйік шалған.  Ауруханаға түскен бойда жансақтау бөліміне жатқыздық.  Өзіне не болғанын әйел әзірге айтқан жоқ.  Оған қажетті медициналық көмек жасалып жатыр",  деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев.

Қостанай қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері  Ирина Штейгервальтдтың мәлімдеуінше,  дәрігерлер әйелді көшеден жеткізген. Зардап шегуші қасында белгісіз бір сұйықтық тұтанғанын, содан оның үстіндегі көйлегі өртенгенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу