Қостанайда гонконг тұмауының таралуы тағы да белең алды

1212

Қостанайда гонконг тұмауының таралуы тағы да белең алды

Қостанайда гонконг тұмауы вирусын жұқтырған 20 адам тіркелді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Қостанай облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Сонның айтуынша, "жұқпалы аурудың екінші толқыны Челябіден келген". Тұрғындардың бірқатар бұл жұқпалы ауруды жаңажылдық демалыста Ресейде барып жұқтырып келген. Енді ол жергілікті тұрғындар арасында таралып жатыр.

Облыстық балалар ауруханасында тұмаудың күрделі түрімен және ЖРВИ-мен ауырған науқастар әзірге жоқ, бұл дертке шалдыққан тұрғындарды қалалық балалар клиникасы қабылдауда.

"Қостанайда А үлгісіндегі (H3N2) тұмаумен ауырғандар немесе гонконг тұмауын жұқтырғандар саны 20-дан асты, – деді Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Райгүл Тәженова.

Бұрын хабарланғандай, Қостанай облысында эпидемиялық маусымның басынан бері (2016 жылдың 1 қазаны) вирустық инфекциямен ауырған барлығы 34 мыңнан астам дерек тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу