Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу екі есе азайды - Қазақстан темір жолы

1111

 Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу екі есе азайды - Қазақстан темір жолы

Соңғы алты жылда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу екі есе азайды, деп хабарлайды  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Соңғы алты жылда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғасы азайып келе жатқандығы байқалды. Ол әрине, 7 мың шақырым жолды қайта жаңғыртып, 4 мың шақырым жолды күрделі жөндеу жүргізу арқылы жақсарту шаралары арқылы мүмкін болды. Сонымен қатар, 397 локомотив сатып алынды. 24854 жүк және 1089 жолаушылар вагондары сатып алынды. Жаңа диагностикалық құрал жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы вагондардың 90 мыңнан астам ақаулы қосалқы бөлшектері, 67 мыңнан астам рельс ақауы анықталды.

"Компанияда жылма-жыл жазғы мезгілде заманауи жол машиналарымен жолды жақсарту, жылдамдығын күшейту шаралары орындалады",- дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров.

Ақболат Жағыпаровтың айтуынша, жолды диагностикалық құралдарды өндіріске енгізіп, сонымен жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылдан бері рельстегі ақауды ерте анықтай алатын заманауи ақаутапқыш тіркеме (жылына 100 дана) сатып алына бастады. Мобилді диагностикалық комплекс МДК автоматтандырылған жүйе арқылы жолдың ақаулы тұстарын күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік әпереді.

"2018-2019 жылдары осындай алты кешенді сатып алып, барлық магистральдық желіні автоматтандырылған диагностикалық бақылауға көшеміз",-дейді Ақболат Жағыпаров.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолды тексеру жұмысын автоматтандыру мен еңбеккерлердің кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында жылма жыл 80 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Жылына 30 дана локомотив, 2000 жүк және 80 жолаушылар вагондары сатып алынады.

Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі кеңесінің (ТЖОК) мәліметіне қарағанда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ  қозғалыс қауіпсіздігін сирек бұзатын теміржол көлігі әкімшіліктері қатарынан саналады.

ТЖОК құрамына Қазақстан, Белорус, Ресей, Литва, Қырғызстан, Эстония, Украина, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Латвия, Молдова, Грузия кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу