Роман Скляр аустриялық делегациямен кездесті

789

Роман Скляр аустриялық делегациямен кездесті

ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр Венаның экономика палатасының директоры Александр Биах мырзамен кездесті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Екі тарап сауда-экономикалық ынтымақтастық, "Бір жол – Бір белдеу" бағдарламасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Роман Скляр Қазақстан қазіргі уақытта көлік-логистикасық инфрақұрылымды дамыту және оны халықаралық дәліздерге интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, 2017 жылы Қазақстан мен Аустрияның арасындағы транзиттік тасымалдардың өскенін атап өтті.

Александр Биах австриялық делегацияның "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағына және Ақтау теңіз портына бару жоспарларымен бөлісті. Аустриялық тарап көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және осы салада тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі екі жақты ынтымақтастықты бұдан әрі тереңдетуге дайынбыз деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу