ҚР жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті сайланды

1304

ҚР жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті сайланды

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды, деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі.

Атқару комитеті мүшелерінің шешімімен Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды.

"Маған сенім білдіргендеріңізге рахмет! Әділбек Рыскелдіұлы басқарған бір жылдың ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Енді сол бастамаларды ары қарай жалғастырып, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясын дамытуға тырысамыз. Мәселен, бірінші ретте спорттық инфрақұрылымдарды жетілдіруді көздейміз. Жақын уақытта жеңіл атлетикаға бейімі бар барлық өңірлердің әкімдерімен кездесіп, сол аймақтардың жеңіл атлетика спортын дамыту жолдарын қарастырамыз. Соның ішінде, келесі жылы Семей қаласында Ұлттық құрамалар базасы дайын болады, - деді Даниал Кенжетайұлы.   

Сондай-ақ, Кезектен тыс конференцияда ҚР жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков атқару комитетінің құрамына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу