Күнгейдің жүзімі Ресейге жөнелтілуде

1543

Күнгейдің жүзімі Ресейге жөнелтілуде

Бүгінде Жетісай ауданы Абай ауыл округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ең ірі "Махарам" шаруа қожалығы жүзімдікдің әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. "Тайфы" сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтілуде.
Жалпы аталған қожалықта 42 гектар жерге жүзім егілген. Соның 26 гектары өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастайды.

Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 млн теңгеге жуық шығын кетеді екен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Қазір мұндағы жүзімнің бір келесі 120 теңгеден сауданалуда. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу