Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

1232

Елордада өтетін әлем чемпионатының балуандар үшін маңызы жоғары. Жүлде ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беріледі. 

Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды. Боз кілемдегі балуандар бәсекесі келер жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында өтеді, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Елордада өтетін әлем чемпионатының балуандар үшін маңызы жоғары. Жүлде ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беріледі. Бұл жолдамаларға олимпиадалық салмақ дәрежелерінде 1-ден 6-ға дейінгі орындардан көрінген балуандар ие болады.

Әлем чемпионатынан кейін де лицензиялық жарыстар бар. Астанада жолдамаға қол жеткізе алмаған балуандар сол жарыстарда бағын сынайды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Астана, Алматы және Стамбул (Түркия) қалалары үміткер болған еді.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өтеді. Ал қазақ балуандары бұл бәсекеге 1993 жылдан бері қатысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу