Құрылыс алаңында жұмысшы көз жұмды

989

Құрылыс алаңында жұмысшы көз жұмды

Қостанай облысындағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшының үстіне темірбетон плиталар құлады. Бұл туралы alau.kz-ке сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жазатайым оқиға 12 маусым күні Дружба кентінен 3 шақырым жерде болған.

"Қабырға опырылып темірбетон плиталар құлаған. Соның астында қалған 50 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу