Құрылыс жұмыстарына арналған әр лицензияны 8 миллион теңгеге сатқандар істі болды

1002

Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен осы мекеменің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Құрылыс жұмыстарына арналған әр лицензияны 8 миллион теңгеге сатқандар істі болды

Ақтөбе облысында құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияларды заңсыз берген шенеуніктер істі болды. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен осы мекеменің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланып, 25 кәсіпорынға үлестес тұлғаларға тіркелген іздестіру қызметі мен құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияларды заңсыз бергені үшін күдікке ілініп отыр", - деді Нұрлан Жахин.

Ресми өкілдің айтуынша, лицензиялар орташа есеппен 8 млн теңгеге сатылып, түскен ақшаны бөлім басшысы алып отырған.

"Жалпы залал сомасы 102 млн теңгені құрап отыр. Бөлім басшысы сот санкциясымен қамауға алынған болатын. Ал екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасы қабылдану үстінде. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу