Көмір бағасын негізсіз қымбаттатқандар жазаланды

509

Көмір бағасын негізсіз қымбаттатқандар жазаланды

Көкшетауда өткен күзде көмір бағасын негізсіз қымбаттатқан кәсіпкерлер жазаланды, деп хабарлайды 24.kz.

Судьялардың айтуынша, 5 ірі компанияға бас-аяғы 12 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Одан бөлек, жеңіл жолмен тапқан 82 млн теңгеден астам монополиялық табыстарын мемлекетке қайтаруға тиіс.

Тексеріс нәтижесіне сүйенсек, аталған көмір жеткізушілер былтыр тоннасы 10 мың теңгенің көмірін шамамен 13-14 мың  теңгеден сатқан. Аталған серіктестіктер, Көкшетауға көмір әкелетін ең ірі компаниялар екен. Әрі олар бағаны қымбаттату жайлы өзара келіскен болуы да мүмкін.

"Халықтан түскен шағым бойынша тексерістер жүргізіп, жаңағы мекемеге қатысты хаттама толтырылған, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабының 2-бөлімімен. Сол қазіргі кезде сотта толық қаралып, өз шешімдерін тапты", - дейді қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Марат Қуандықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу