Қытай Антарктидада әуежай салады

987

Қытай Антарктидада әуежай салады

Қытай Антарктидада алғашқы тұрақты әуежай салады, деп хабарлайды kaztag.kz.

"Қытай Антарктидада бірінші тұрақты әуежай құрылысын жүзеге асыруға кіріседі. 2 қарашада 35-қытайлық антарктикалық экспедиция "Сюэлун" мұзжарғышымен Оңтүстік полюске барады. Миссияның маңызды міндеті - Антарктида аумағында "Чжуншань" ғылыми-зерттеу станциясынан 28 шақырым қашықтықта мұз қалқаны бар бірінші қытайлық тұрақты әуежай құрылысы",- деп жазады Silkroadnews.

Хабарда айтылғандай, осы мақсатпен жақын күндері "Чжуншань" станциясына Қытайдың "Сюзин-601" полярлық ұшағы келіп жетті. 

Антарктидадағы тұрақты әуежай құрылысын Қытай үш жыл бұрын жоспарлаған. Бұл нысан, сарапшылардың пікрінше, Қытай үшін маңызды, бұл жерде ҚХР-дың тұрақұты әуежайының болуы оның Антарктиданың әуе кеңістігін басқаруда дауысқа құқылы болуына ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу