Қытай мен АҚШ ынтымақтасатын болды

680

Қытай мен АҚШ ынтымақтасатын болды

Қытай мен АҚШ саудадағы үйлесім туралы келісімге келді. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері мен энергияны экспорттау және зияткерлік меншікті қорғау саласында ынтымақтастық орнататын болады, деп хабарлайды 24. kz.

Келіссөздер 17-18 мамырда Вашингтон қаласында өтті.

Қытай Халық Республикасы Құрама Штаттармен алыс-берісті ұлғайта түсуді жоспарлап отыр. Ал АҚШ Қытайға бұл келісімді жан-жақты пысықтау үшін арнайы делегация жібереді.

Айта кетейік, бұған дейін қытайлық делегация Вашингтонда болып, жәй-жапсарды ақылдасты. Әрі Ақ үй басшысы Дональд Трампқа екі ел арасындағы сауда-саттық тапшылығын қысқартуға бағытталған шараларды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу