Қытай тоқыма өнімдерін Ақтау порты арқылы тасымалдамақ

938

Қытай тоқыма өнімдерін Ақтау порты арқылы тасымалдамақ

Ақтау көлік-логистикалық хаб құруға өте ыңғайлы аймақ. Бұл туралы ҚХР-ның Цзянсу провинциясы Чанчжоу қаласының губернаторы Шен Ицзюнь айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтауға Қытай делегациясын бастап келген Шен Ицзюнь Чанчжоу қаласының әлемнің көптеген мемлекеттеріне кең ауқымда тоқыма өнімдерін тасымалдайтынын айтты. Оның пікірінше, мұнда тоқыма өнімдерін шығаруға арналған машинақұрылысы кәсіпорындары шоғырланған.

"Транкаспий халықаралық көлік дәлізінің (ТХКД) аясында Ақтау порты арқылы жүк 2017 жылы да тасымалданған болатын, енді Қытай тарапы осы бағытты дамытуды көздеп отыр",-дейді Шен Ицзюнь. Оның сөзінше, Қытай делегациясы тап осы мақсатта Маңғыстауға келіп, облыс басшылығымен жүздескен. "Ақтауда халықаралық сауданы дамыту үшін көлік-логистикалық хаб салуға және өзара тиімді сауданы жетілдіруге қажетті мүмкініктердің бәрі бар", - деді Шен Ицзюнь.

Қытай өкілі сонымен қатар 2018 жылы Чанчжоу өзінің өнімдерін Ақтау арқылы эспорттауды көздеп отырғанын жеткізді.

"Осы ретте біз үшін қызмет көрсетудіғ спасы мен жүктің сапалы әрі жедел алып, салынуы маңызды. Болашақта біз жүктерді түрлі бағыттар бойынша тасымалдау үшін Ақтаудан өзіміздің қойма базамызды салсақ па деген де ойымыз бар", - деді қытай делегациясының басшысы.

Ақтау портының президенті Абай Түрікпенбаев қытай делегациясының өкілдерін порттың жоғары деңгейде қызмет көрсете отырып, контейнерлік тасымалдарды жүзеге асыруға толықтай дайын екенін айтты. Кездесу соңынан тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар тапсырды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу