Шахтада болған апаттан кемінде 19 адам көз жұмды

844

Оқиға болған кезде шахтада жалпы 300-ден аса кенші болған екен.

Шахтада болған апаттан кемінде 19 адам көз жұмды

Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясындағы көмір шахтасында апат болып, кемінде 19 адам көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Оқиға 20 қазанда орын алған. Шахта опырылып, 22 адам жер астында қалып қойды. Бір адам өздігімен апат орнынан шыққан.

"Құтқарушылар бір адамның денесін жексенбі таңертең алып шықса, түнде 5-еуінің денесін жер бетіне шығарған", - дейді құтқарушылар штабынан.

Дүйсенбі таңертең құтқарушылар 55 метр аумақты аршып, ары қарай іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу