Қытайлық компанияға 622 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

887

Заңды тұлға бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерін төмендеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қытайлық компанияға 622 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

Қызылорда облысындағы Қытай компаниясы табиғатты қорғау заңдылығын сақтамағаны анықталды. Салдарынан мемлекетке қыруар шығын келген.

Дәлірек айтсақ, "СНПС-Ай Дан Мұнай" АҚ 2016 жылы өндірістік қалдықтарды жинауға, орналастыруға және сақтауға құқығы жоқ ұйымға берген. Аталған дерек бойынша екі жыл бойы сот талқылауы өтіп, Жоғарғы соттың қаулысына сәйкес мемлекеттік кіріс департаментінің талабы заңды деп танылды. Енді қадағалау актісіне сәйкес, акционерлік қоғаммен қатар, қалдық өңдейтін мекемеге де эмиссия төлемін жасау қажет. Оның жалпы көлемі 1,5 млрд теңге. Сондай-ақ, заңды тұлғаға салықпен қатар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерін төмендеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 622 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу