Ливияда қақтығыстардан 115 адам қаза тапты

777

Тағы 500-ден астам адам жарақат алды.

Ливияда қақтығыстардан 115 адам қаза тапты

Ливияның Триполи қаласындағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандардың саны артып, 115-ке жетті. Тағы 500-ден астам адам жарақат алды. Мерт болғандардың көбі бейбіт тұрғындар. Бұл туралы шаһардағы аурухана өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін 66 адамның қаза тапқаны хабарланған.

Еске сала кетейік, Триполи қаласындағы қақтығыс тамыздың 26-сынан бері жалғасып келеді. Ұрыс ұлттық келісім үкіметі құрылымдаған қорғаныс министрлігіне қарасты "7-жаяу бригада" мен ішкі істер министрлігінің "Суар Триполи" деп аталатын жасақтары арасында жүріп жатыр. Қарулы топтар екі бөлек шаһарда жасақталған. Қақтығысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, Ливиядағы азаматтық соғыс 7 жылдан бері жалғасып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу