Лондонда Диана ханшайымның көйлектері көрмесі ашылады

1044

Лондонда Диана ханшайымның көйлектері көрмесі ашылады

Лондонда  24 ақпанда Диана ханшайымның  ресми және ресми емес жиындарда киген көйлектерінің көрмесі ашылады, деп хабарлайды жергілікті ақпарат  құралдары.
Диананың өзі 15 жылдан артық өмір сүрген Кенсингтон сарайында ұйымдастырылатын көрмеге  25 көйлек қойылғалы отыр.  Көрме жылдың соңына дейін ашық.
Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, көйлектер топтамасы Диананың "сәнді дипломатиялық мақсатта қалай пайдаланғаны" туралы хабардар етеді. Сондай-ақ ханшайымның көйлектеріне қарап оның "жыл өткен сайын өзіне сенімді бола түскенін" аңғаруға болады, деп атап өтті көрме жетекшісі Элери Линн.
Диана ханшайым 1997 жылы 31 тамызда Парижде жол апатынан қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу