Магнитогорскіде жарылыстан көз жұмғандар саны 7 адамға жетті

980

Апат болған үйде 46 адам тұрған екен. Жойқын жарылыстан ондағы 26 пәтердің күл-талқаны шыққан.

Магнитогорскіде жарылыстан көз жұмғандар саны 7 адамға жетті

Магнитогорскіде көпқабатты тұрғын үйде болған газ баллоны жарылысынан көз жұмғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Анықталғаны – апат болған үйде 46 адам тұрған екен. Жойқын жарылыстан ондағы 26 пәтердің күл-талқаны шыққан. Құтқарушылар өрт құрсауында қалып қойған 5 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді, оның біреуі – бала. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Апат орнына 500 құтқарушы мен 100-ден аса арнайы техника тартылған. Қазір олар үйіндіні аршып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу