Малайзияда өткен Азия кубогінде Қазақстан спортшысы "күміс" алды

593

Кирилл Казанцев екінші орын иеленсе, Темірлан Мұхамедиянов жетінші сатыдан көрінді. Өкінішке қарай, Шәкір Әділов жарыс соңына дейін жете алмады.

Малайзияда өткен Азия кубогінде Қазақстан спортшысы "күміс" алды

Маунтинбайктан Малайзияда өткен Азия кубогінде қазақстандық Кирилл Казанцев күміс медаль иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

13 қараша күні мәресіне жеткен жарысқа бірнеше қазақстандық спортшы қатысты. Олардың ішінде жасөспірімдер де бар. 

Кирилл Казанцев екінші орын иеленсе, Темірлан Мұхамедиянов жетінші сатыдан көрінді. Өкінішке қарай, Шәкір Әділов жарыс соңына дейін жете алмады.

Жасөспірімдер арасындағы сыннан да жүлдесіз қалмадық. Денис Сергиенко қола медаль жеңіп алса, Татьяна Богданова чемпион атанды.

Еске сала кетейік, Кирилл Казанцев биыл өткен Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу