Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды

616

Аманғалиев мемлекеттік қызмет мүддесі мен мемлекеттік басқаруға қайшы келетін аса ауыр жемқорлық қылмысқа барды деген күдік бар.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтемемен.

Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылдың 3 қарашасында Ақтау әуежайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның қызметкерлері Аманғалиевті ұстады. Одан 115 мың еуро көлемінде (48 млн теңден көп) ақша тәркіленді.

"Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 5 қарашадағы шешімімен, Серік Аманғалиевке қарсы 2 ай мерзімге "күзетпен қамауға алу" түріндегі алдын-алу шарасы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның тергеу департаментінің өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында.

Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу