Мария Дмитриенко стенд атудан Астанадағы Гран-приде топ жарды

968

Екінші және үшінші орынды да қазақстандықтар иеленді.

Мария Дмитриенко стенд атудан Астанадағы Гран-приде топ жарды

Стенд атудан Астанада өтіп жатқан Гран-при бәсекесінде қазақстандық Мария Дмитриенко чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Мария "трап" бағдарламасы бойынша топ жарды. Екінші және үшінші орынды да қазақстандықтар иеленді. Атап айтар болса, Анастасия Давыдова күміс, Айжан Досмағамбетова қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сондай-ақ, командалық сында да Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. М. Дмитриенко, А. Давыдова және А. Досмағамбетова үштігі командалық бәсекеде ешкімге дес берген жоқ.

Еске сала кетейік, Мария Дмитриенко Джакартадағы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде "трап" бойынша рекорд орнатқан болатын. Алайда, құрлықтық бәсекедегі қола жүлдені Мария "дубль трап" бағдарламасынан жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу