Мексикалық мачетеге ұқсас көне қылыш табылды

701

Мексикалық мачетеге ұқсас көне қылыш табылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталығында көне заманнан сыр шертетін қылыш табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан орталығы тұрғынының бірі өз ауласына құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы техника шақыртады. Техникамен жерді қазу барысында үш метрдей жерден қылыш үлгісіндегі жәдігер табылады. Қылыш жартылай шіріген күйде екен. Тарихи құндылықты бағалай білген азамат дереу аудандық өлкетану музейінің директоры Өсербек Төребайды шақыртады. Мамандардың айтуынша, бұл жайында әзірге толық жорамал жасауға ерте. "Мұндай жәдігерлер толық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім қабылдаймыз. Әзірге бұл бағытта сараптама жұмысы жүреді",- дейді Өсербек Төребай.

Қылыштың жасалу мерзімі 2-3 ғасырға созылуы мүмкін. Одан да арғы кезеңді қамтуы да ғажап емес.

Тарихи жәдігерлерді зерделеп жүретін жергілікті журналист Нұрболат Пірімбеттің айтуынша, қылыш қазақтың ескі соғыс қаруының бірі болуы ықтимал. Зерттеушілер оны мексикалық мачетеге өте ұқсас екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу