Мерекеде автобустардың жүру жиілігі артады

830

Астанада қоғамдық көліктің 20-дан астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Мерекеде автобустардың жүру жиілігі артады

Автобустардың интервалы 15-тен 10 минутқа дейін азаяды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 20-дан астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Автобустардың саны көбейеді. Аталған бағдарларда интервал 15-тен 10 минутқа дейін азаяды", деп мәлімдеді "Астана LRT" ЖШС-нің баспасөз қызметінде.

Осылайша, қысқартылған интервалмен № 2, 3, 4, 7, 8, 10, 12, 17, 18, 19, 22, 24, 33, 37, 39, 40, 47, 48, 51 , 70, 71 қалалық бағдарлар қатынайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу