banner

Мешіттің мұнарасын жалын жалмады

752

Мешіттің мұнарасын жалын жалмады

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Шымкент қаласында салынып жатқан мешіт өртенгенін хабарлады.

"22 маусымда 23.10-да Нұрсәт шағын ауданында Астана даңғылының бойында жаңадан салынып жатқан мұнарада, 196 шаршы метрді құрайтын қалып жанып кеткен. Өрт 23.41-де ауыздықталып, 01.18-де сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына ТЖД 38 қызметкері мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу