Министр: Барлық университеттерімізді коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналдырамыз

975

Нәтижесінде университеттер мемлекетке белгілі бір пайызбен салық төлемейді, олардың тапқан бар қаражаты жоғары оқу орнының өзіне қалады. 

Министр: Барлық университеттерімізді коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналдырамыз

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру туралы айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Елжан Біртановтың айтуынша, жыл сайын 6000-ға жуық студент еліміздің медициналық жоғары оқу орындарына қабылданады. Бүгінгі күні денсаулық сақтау қызметкерлерін 5 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары оқытады. 

Медициналық білім беру сапасын арттыру үшін білім беру бағдарламасын толықтай қайта қарап шығу керек. 

"Үкімет жоғары оқу орындарының, оның ішінде медициналық университеттердің дербес болуын құптап отыр. Яғни университеттер нарық сұранысына қарай қажетті бағдарламаны заманауи білімге негіздеп, өздері жасайды. Атап айтқанда, дәрігерлік қызметпен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізетін клиницист дәрігерлерге деген сұраныс бар. Жылдың соңына дейін біз барлық университеттерімізді коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналдырамыз", — деді Елжан Біртанов.

Нәтижесінде университеттер мемлекетке белгілі бір пайызбен салық төлемейді, олардың тапқан бар қаражаты жоғары оқу орнының өзіне қалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу