ММА сайыс түрінің еліміздегі заңды бірлестігі әлем чемпионатынан тыс қалды

733

Халықаралық қауымдастық елімізде заңды құқығы жоқ федерацияның әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді.

ММА сайыс түрінің еліміздегі заңды бірлестігі әлем чемпионатынан тыс қалды

ММА сайыс түрінің еліміздегі заңды бірлестігі әлем чемпионатынан тыс қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Себебі қарашаның 11-де Бахрейнде басталатын дүниежүзілік жарысқа қазақ елінің атынан екі жыл бұрын құрылған панкратион және греплинг федерациясының спортшылары қатысады. Қазақстан ММА федерациясы президентінің бірінші орынбасары Анатолий Ким аталған шешімнің ешқандай заңға сәйкес келмейтінін алға тартып, тілшілерді жинады.

"Біздің жігіттер ел ішіндегі іріктеуден өтті. Ұлттық құраманың оқу-жаттығуына штаттық командалар дирекциясынан қаржы бөлінді. Бізді мәдениет және спорт министрлігі де қолдап отыр. Алайда осыны біле тұра, халықаралық қауымдастық елімізде заңды құқығы жоқ федерацияның әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді" – дейді Анатолний Ким.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу