banner

Мысырда 35 мумия табылды

1219

Мысырда 35 мумия табылды

Мысыр археологтары 30 метр тереңдіктен қайтыс болған адамдардың денесін шірітпей сақтайтын шеберхана тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Ғалымдар бұл жаңалық мумияның мыңдаған жыл бойы өзгеріссіз сақталғанын түсіндіруге жол ашады деп есептейді.

Қазба жұмыстары кезінде тас табытқа салынып көмілген 35 мумия табылды. Мамандар бұны Ежелгі Мысыр тарихының парсы дәуіріне жатқызды. Ол біздің заманымызға дейін 4 ғасырға сай келеді. Сол кезде Ескендір Зұлқарнайын елге шабуыл жасап, басып алған болатын.

"Біз мәйіттерді көму және қатыру әдістері туралы көп білеміз. Ал бұл жаңалық көптеген жаңа аспектілерге жол ашады. Біріншіден, мумия жасау үшін қандай май қолданды? Оның химиялық құрамы қандай болды? Екіншіден, кейбір мәйіттер жанынан көптеген асыл тастар мен әшекей бұйымдар табылды. Бұл ақпарат сол замандағы адамдардың экономикалық ахуалына қатысты жақсы дереккөз болады", - дейді археологиялық экспедиция басшысы Рамадан Бадри Хуссейн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу