Мысырда қашып жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

862

Мысырда қашып жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін бас прокуратура қызметкерлері Қазақстанның ІІМ Интерполмен бірлесіп қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Бейбіт Серғазиевті Мысырдан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі

"Ұсталған адам кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ бергені үшін күдікті. Серғазиев ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген бас прокуратура таратқан хабарламада.

Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының мысырлық әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында мүмкін болған.

Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін ұсталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу