Nasdaq АХҚО биржасын сауда-саттықтың іске қосылуымен құттықтады

995

Биржаға алғаш болып IPO-сын шығарған бірінші эмитент – "Қазатомөнеркәсіп" АҚ.

Nasdaq АХҚО биржасын сауда-саттықтың іске қосылуымен құттықтады

2018 жылдың 14 қараша күні Astana International Exchange (AIX) – "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасында мемлекет басшысының қатысуымен сауда-саттықтың іске қосылуына орай салтанатты шара өтті.

Биржаға алғаш болып IPO-сын шығарған бірінші эмитент – "Қазатомөнеркәсіп" АҚ. Одан бөлек биржада ҚР қаржы министрлігі мен "Қазақтелеком" АҚ облигацияларын орналастырған.

Биржаны сауда-саттықтың іске қосылуымен оның акционерлерінің бірі - әлем бойынша биржалық алпауыт Nasdaq құттықтады. Ол Биржаға өзінің Nasdaq Matching Engine атты технологиялық платформасын ұсынған. Арнайы құттықтау хабарламасы Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі танымал Nasdaq бейнеқабырғасында  жарияланды.

AIX акционерлері қатарында Nasdaq-тан бөлек, Шанхай қор биржасы (SSE), ҚХР үкіметінің "Белдеу мен жол" бастамасы бойынша жұмыс істейтін "Жібек жолы қоры", сонымен қатар Goldman Sachs International бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу