Назарбаев металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесті

1704

 Қазақстан президенті өз замандастарымен әңгімелесті.

Назарбаев металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесті

Жұмыс сапары барысында елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралап көрді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу