Оқулықтарды латын қарпімен қайта басуға 202 млрд теңгеден артық қаржы жұмсау жоспарланып отыр

791

Оқулықтарды латын қарпімен қайта басуға 202 млрд теңгеден артық қаржы жұмсау жоспарланып отыр

Қазақ тіліндегі оқулықтарды латын қарпімен қайта басып шығару үшін 202 млрд теңгеден артық ақша жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы 2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезең бойынша көшіру шараларын жоспарлау жобасында айқындалған, деп хабарлайды электронды үкімет сайты.

Қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептерінің барлық пәні бойынша оқулықтарды және қазақ тілінде оқытылмайтын мектептер үшін "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні оқулығын латын графикасымен қайта басып шығаруға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен сатып алуды ұйымдастыруға қыруар қаражат жұмсалмақ. Құжатта орындау мерзімі 2019-2025 жылдар деп көрсетілген.

Осы жылдар ішінде қаржыландыру көлемі 202 млрд 670 млн теңге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу