Транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге артты

681

"Астана LRT" электронды төлем жүйесінің 21 шілде мен 5 тамыз аралығындағы статусы туралы хабарлады.

Транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге артты

Компания 1 шілде 2018 жылы көлік картасының үлесі  – 36%, ал 31 шілдеде – 89% болғанын айтты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

"Астана LRT" электронды төлем жүйесінің 21 шілде мен 5 тамыз аралығындағы статусы туралы хабарлады. Он күн ішінде транспорт картасын ұстаушылар екі есеге көбейген. 

"Дифференциалды тарифті енгізгелі жұмыс күндері жолаушылар ағыны 530 мыңнан 580 мыңға дейін көбейгені байқалған. Яғни транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге ұлғайған. Шілденің алғашқы жартысында 22 мың жолаушы, ал 21-нен 31 шілдеге дейін 405 мың көбейген", - делінген "Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Компания транспорт картасының үлесі 1 шілде 2018 жылы – 36%, ал 31 шілдеде – 89% болғанын айта кетті. Қоғамдық көлікке электронды төлем жүйесін енгізгелі жыртылып берілетін билеттер азайған, егер 1 шілдеде 239 365 дана болса, 31 шілдеде – 53 027 билет берілген. 

"445 262 адам шілденің соңғы күндері картаны валидация жасаған, оның ішінде 260 548 – жалпы тарифтегі валидация, 64 444 – қайта мінген, 43 336 – айлық жол жүру, жеңілдік валидациясы – 76 934", - деп хабарлайды "Астана LRT" - ден.

Транспорт компаниясының мамандары жолаушылардың транспорт картасын пайдалану бойынша жалпы тұрақты көріністі байқап отыр. Сонымен транспорт картасының үлесі 21 шілде мен 5 тамыз аралығында 89% деңгейге жеткен. 

Сондай-ақ жұмыс күндері орта есеппен жолаушылар ағыны 580 мың жолаушыны құраған, ал демалыс күндері – 418 мың. 

"Астана LRT" ЖШС баспасөз қызметі ұсынған мәліметте жолаушылардың 65%-ы RTVM-терминалын, 15% - мамандандырылған кассаны, 14% - QIWI-терминалдарды, 6% - kaspi.kz пайдаланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу