banner

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 8 жылға сотталды

600

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 8 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе мемлекет қаражатын ысырап етіп, партия қызметіне араласқаны үшін сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтемемен sputniknews.kz.

Сот үкімі бойынша, бұрынғы президент Ұлттық барлау агенттігінің бюджетінен қаражат иемденгені үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен бірге 3,3 миллиард вон (3 миллион доллар) айыппұл төлеуге міндеттелді. Пак Кын Хеге өзі президент болып тұрған кезде билік жүргізген партияның атынан сайлауға үміткерлер тағайындағаны үшін тағы екі жыл берілді.

Сәуір айында Пак Кын Хеге сыбайлас жемқорлық, пара алу, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, мемлекеттік ақпаратты жария ету сияқты айыптаулар тағылған еді. Сол кезде Сеул соты экс-президентті 24 жылға соттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу