Оралда қос қабатты әкімшілік ғимараты өртенді

760

Оралда қос қабатты әкімшілік ғимараты өртенді

Оралдағы Сырым Датұлы көшесі 23/3 мекенжайында қос қабатты әкімшілік ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, орман саудасы базасы аумағындағы өрт туралы хабар кеше түнгі сағат 23.10-да түскен.

Оқиға орнына 20 техника мен жеке құрамнан 59 адам шұғыл жіберілді.

Өрт аумағы 300 шаршы метр аумақты қамтып, әкімшілік ғимаратына жапсарлас қоймалар мен жиылған ағаштарға таралу қаупі төнген. Сондықтан барлық күш жұмылдырылды. Орман саудасы базасының иесі - "Иманғалиева" ЖК.

"Тілсіз жау" сағат 00.30-да оқшауланып, 01.40-та ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын мен кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу