Ориноко өзенінде кеме апатқа ұшырады

946

Ориноко өзенінде кеме апатқа ұшырады

Венесуэла мен Колумбия шекарасы маңындағы Ориноко өзенінде кеме апатқа ұшырап, 10 адам опат болды. Сонымен қатар 10 шақты жолаушы жоғалып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар 8 адамды құтқарған. Олардың арасында 1 бала бар.

Әзірге кеменің қалай апатқа ұшырағаны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кеме Венесуэланың Амасонас штатынан аттанып, жолда жеміс-жидек тиеген басқа бір кемеге көмек көрсетпек болғанда суға батқан сыңайлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу