Орталық Азияға құйылған жалпы инвестицияның 75 пайызы Қазақстанға тартылған

772

Орталық Азияға құйылған жалпы инвестицияның 75 пайызы Қазақстанға тартылған

2020 жылы шетел инвесторларына мемлекеттік қызмет ағылшын тілінде ұсынылатын болады. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Астанадағы инвестиция тарту бойынша өтіп жатқан халықаралық дөңгелек үстел форумында осылай деді.

Оның айтуынша соңғы 25 жылда Орталық Азияға құйылған жалпы инвестицияның 75 пайызы Қазақстанға тартылған. Ал 2005 жылдан бері елімізге салынған қаржының көлемі 250 млрд доллардан асқан. Былтырғы жалпы инвестицияның 35 пайызы тау-кен өндірісі саласына тиесілі екен. Ал осы ашық алаң режимінде өтіп жатқан жиында еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 800 млн доллар инвестиция тарту бойынша келісім жасалмақ.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша қаржы құю бойынша барлық салаға басымдық беру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу