Өскеменде аяқталуға тиіс Ертіс көпірі 8 жолақты болып қайта жөнделіп жатыр

1264

Онда велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та салынады.

Өскеменде аяқталуға тиіс Ертіс көпірі 8 жолақты болып қайта жөнделіп жатыр

Өскемендегі Қазақстан мен Сәтпаев даңғылын жалғастырып тұрған Ертіс көпірінің жөндеу жұмысы қашан аяқталады? Іс неліктен ұзаққа созылып кетті? Осындай сауалдарға көпірдің сапасын бақылайтын мамандар жауап берді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Әуелде бұл көпірге 6 қатар жол салмақ еді. Ол жоспар бойынша көпір жұмысы аяқталып та қалған болатын. Кейіннен облыс басшылығы жобаны қайта қарады. Нәтижесінде көпір 8 жолақты болып қайта жөнделіп жатыр. Онда велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та салынады. Көпір ұзындығы – 323,3 метр, ені 43,1 метр болмақ. Көпірден басталған жол Жібек жолы көшесіне дейін 8 жолақты болады", – деді Владимир Ермоленко, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ құрылыс кафедрасы доценті.

Қалалық ТҮКШ мекемесі бұл нысан жыл аяғына дейін пайдалануға берілетіндігін айтты.

Ресми дерекке сүйенсек, құрылыс жұмысына 10 341 850,11 мың теңге қаражат жұмсалған. Қазір көпірге асфальтбетон төселіп жатыр. Тіреулері де жөнделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу