Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

589

Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. 

Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

19 қаңтар күні Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. Нақтылап айтсақ, Украина, Грузия, Түркия, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары Рыпакова жүлдесіне таласпақ. 

Атлеттер 7 дисциплина бойынша сынға түседі: 

1. 60, 400, 800 және 3000 метрге жүгіру;

2. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

3. Сырықпен секіру

4. Биіктікке секіру

5. Ұзындыққа секіру

6. Үш қарғып секіру

7. Эстафета

Жарыстың негізгі бөлігімен бірге "Алтай" клубының балаларға арналған Athletics KIDS CUP турнирі де өтеді. 

Ашылу салтанаты 16:00-ге жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу