Өскеменде тұрғындар судан бензин иісі шығатынын айтып шағымданды

615

Өскеменде тұрғындар судан бензин иісі шығатынын айтып шағымданды

Қаладағы аудандардың бірінің тұрғындары ыстық судың түсі мен иісіне шағымдануда, деп хабарлайды Алтайньюс.

Нақтырақ айтқанда, Аблакетка ықшам ауданынындағы үйлерде өткен демалыстан бастап ыстық су лайланып, бензиннің иісі шығып тұр екен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тұрғындар жазып жатыр.

Олардың айтуынша, соның салдарынын аталған ауданның тұрғындары екі күні бойы ыстық суды пайдалана алмаған. Судың түсі сарғыш-қоңыр. Иісі аса жағымсыз екен. Оған қоса, судағы лай су есептеуіш құрылғыларды да ластауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу