Өскеменнің қоғамдық көліктері электронды билет беру жүйесіне көшіріледі

1317

Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрап отыр.

Өскеменнің қоғамдық көліктері электронды билет беру жүйесіне көшіріледі

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы "Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және сүйемелдеу" жобасының бастау алуға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Жобаның негізі – қоғамдық көлікте жол жүру үшін ақы төлеу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану және басқару, сондай-ақ қаладағы қоғамдық көліктерді диспетчерлендірудің ақпараттық жүйесін енгізу болып отыр.

"Өскеменнің барлық қоғамдық көліктері электронды билеттендіру жүйесіне көшеді. Жобаның жалпы құны 1 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішіне бюджет есебінен бөлінген қаржы мен және жеке қаржы кіреді", – дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Руфат Акрамов.
Қоғамдық көліктердегі қызмет сапасын арттырып, барынша заманауиландыруды мақсат еткен жоба 11 жылға жалғасады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу