Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

559

Беларусьтың Минск қаласында дзюдодан Еуропа кубогі өтіп жатыр.

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

Беларусьтың Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогының бірінші жарыс күні қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Лилия Киселеваны айқын басымдықпен ұтса, жартылай финалда әзірбайжандық қарсыласы Айша Гурбанлыны жарыс жолынан шығарды. Ал финалда ресейлік Татьяна Аякинаны қапы қалдырып, Еуропа кубогының чемпионы атанды.

Осы орайда айта кетейік, осы салмақта татамиге шыққан тағы бір отандасымыз Әйгерім Төреғожина алғашқы кездесуінде осы Татьянадан жеңіліп жарысты ерте аяқтаған болатын. Ал жарыстың бірінші күні ерлер арасында 66 келі салмақта Есет Қуанов финалда ресейлік Арам Григорянға жол беріп, күміс медаль иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған додаға Қазақстаннан 27 дзюдошы аттанғанын жазған болатынбыз.  Бүгін, яғни жарыстың екінші күні ерлер арасында 81, 90, 100 және +100 кг салмақ дәрежелерінде, әйелдер арасында 70, 78 және +78 кг салмақта жеңімпаздар анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу