Өткен тәулікте "112" номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен

969

Өткен тәулікте "112" номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен

Өткен тәулікте "112" номеріне 4 мыңнан аса қоңырау түскен, деп хабарлайды astana.gov.kz. 
Авариялық-құтқару жұмыстарына департаменттің  221 қызметкері және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1888 жұмысшысы және 1345 бірлік техникасы жұмылдырылды. 
ТЖД қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтімділігі жоғары көлік құралдарымен патрульдеу жүргізді. Патрульдеу кезінде тасжолда 149 адам, оның ішінде 17 бала құтқарылды және 66 көлік қардан шығарылды.
11 қаңтар күні қаланың коммуналдық қызметі қаламыздағы қарды тазалап, тұз аралас құм септі. Бір тәулікте 34 227 куб метр қар тазаланып, 565 куб метр құм себілді.
Қаламыздың ауруханаларына түрлі жарақатпен 79 адам жүгінген. 
3-МӨСБ базасында орналасқан дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Қаламыздың 8 нысанында жылыну бекеті ашылды. 
Қазіргі кезде Көкшетау, Қарағанды, Қостанай бағытындағы тасжолдар ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу