Өткен жылы 300-ге жуық медицина қызметкері жазаға кесілген

Министр «дәрігерлік қателік» ұғымын заң жүзінде айқындап, жаза мерзімін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды ұсынуда.   

21 Қыркүйек 2018 17:30
Өткен жылы 300-ге жуық медицина қызметкері жазаға кесілген, Елжан Біртанов, дәрігерлердің жазасын жеңілдету

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлер жазасын жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды .

Оның айтуынша, қазір жұмысқа салғырт қарағандар мен емдеу стандартын орындамағандар бірдей жауапқа тартылуда. Салада ғылымға негізделген емдеу тәсілдері көп. Ал дәрігердің тиімдісін таңдауға құқысы бар. Алайда, соңғы уақытта болмашы себеппен жұмыстан қуылып, не бас бостандығынан айыру жағдайлары көбейген. Өткен жылдың өзінде 300-ге жуық қызметкер жазаға кесілген. Осыған орай, министр «дәрігерлік қателік» ұғымын заң жүзінде айқындап, жаза мерзімін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды ұсынуда.   

«Өз ісіне немқұрайлылық танытып, міндетін тиісті деңгейде атқармаған кезде міндетті түрде әкімшілік не қылмыстық жазаға тартылуға тиіс. Алайда бұл қатарға, дәрігердің стандарттарды сақтамау жағдайын енгізу дұрыс емес. Болмашы қателік үшін оларды кəсіби қызметімен айналысу құқығынан айыру тым қатал жаза. Сондықтан, екеуінің ара жігін ажыратып алу қажет», - деді министр.