Өткен жылы Алматыда баспана кезегінде тұрған 431 адам қайтыс болған

999

Өткен жылы Алматыда баспана кезегінде тұрған 431 адам қайтыс болған

Алматыда 20 800-ден аса адам баспана кезегінде тұр. Электронды түгендеу кезінде тізімнен 1 847 адам алынып тасталды, деп хабарлайды kursiv.kz. 

"2017 жылы Алматыда баспана кезегінен жалпы 1 847 адам шығарылды. Олардың 1041-і үйлі болуына байланысты баспанаға мұқтаждар тізімінен сызылса, 372-і Алматыдан көшіп кетуіне байланысты, ал 343-і баспанаға жеңілдікпен қол жеткізу құқын жоғалтқан, мысалы мемлекеттік қызметтен кеткен деген секілді. 431 адам қайтыс болған", - дейді Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жетекшісі Әнуар Өскенбаев.

Өткен жылы Алматыда 5887 пәтер пайдалануға берілді, соның 1 748 пәтері Атлеттер ауылында. 2017 жылы кезекте тұрғандардың 30 пайызының баспана мәселесі шешілді. Бүгінде Алматы қаласында 20 800 аса адам кезекте тұр.

"Тұрғынүйдің басым бөлігі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында берілді. Олардың бәрі жаңа аудандардағы пәтерлер. Алатау ауданында Алғабас, Саялы шағынауданынан, Түркісіб ауданында Жас қанат шағынауданынан, сондай-ақ Медеу ауданынан да баспана ұсынылды. Бұл пәтерлердің ай сайынғы жалдамалық төлемі ауданы 60 шаршы метр болған жағдайда, айына 47 мың теңге болады. Яғни, орта есеппен алғанда бұндай пәтерлердің құны - 12 млн теңге, осы соманы 20 жылда төлейді. Қазір мораторий алынып тасталды, сондықтан баспананы бірден сатып алуға болады. 1-2 бөлмелі пәтерлерге сұраныс көп. Бағдарлама әлеуметтік аз қамтылғандарға лайықталған, сондықтан 80 шаршы метрлі үй алуға олардың мүмкіндігі бола бермейді", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу