Өткен жылы Атырауда 1,8 мыңнан аса бала шетінеп кеткен

1166

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық xал актілерін тіркеу бөліміндегілер осындай санды атады.

Өткен жылы Атырауда 1,8 мыңнан аса бала шетінеп кеткен

Атырауда нәрестелерінен айырылған аналар шағымын жеткізді. Бірі айы-күні жетіп, енді бірі мерзімінен бұрын облыстық перзентханада босанған олардың сәбилері дүниеге келгеннен кейін он күнге де жетпей шетінеп кеткен. Аналардың айтқанына сенсек, барлығының жағдайы қан құйылғаннан кейін күрт нашарлаған, деп хабарлайды КТК.

"Өзім босандым егізімді. Босанған соң дереу  жан сақтау бөліміне алып кетті екеуін де. 8-ші күні балаға қан құямыз деді. Қан құйғаннан кейін  дәреті жүрмей қалды, ер баламда бірінші, содан кейін денесі ісіне бастады, аузынан қан құсты. Қыз тірі қалады деп айтып еді, қыз да дәл солай ер балам сияқты кетті артынан", – дейді қос нәрестесі шетінеген ана Альбина Ермекова.

Аналардың айтуынша, жағымсыз жайттың бәрі медициналық мекеме ішінде, дәрігерлердің көз алдында болған. Қан немесе плазма құйылғаннан кейін дәл осындай белгілермен көз жұмған нәрестелер бірді-екілі ғана емес екен.

Аналар құқық қорғау орындары мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің жергілікті департаментіне арыз түсірген. Бірақ перзентханадағы бала өлімі туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Бұл мәліметті облыстық денсаулық сақтау департаменті ресми түрде сәл кейін беруге уәде етті.

Ал қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық xал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, өткен жылы Атырауда түрлі жағдайда 1 жасқа дейінгі 1865 бала шетінеп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу