Өзін-өзі салқындататын "ақылды" үй салынып жатыр

764

Өзін-өзі салқындататын "ақылды" үй салынып жатыр

Келесі жылы пайдалануға берілетін үйде "Павлодарэнерго" АҚ-ның жас мамандары тұрады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Олег Перфилов: "Біз толықтай "ақылды" үй салып жатырмыз. Әр пәтерге ыстық, суық су мен жылуды есептейтін құрылғылар қойылады. Жылу батареяларында арнайы реттегіштер және суды салқындататын климат жүйесі орнатылады. Күннің ыстық кезінде жүйе бойынша өтетін салқын су бөлменің ауасын салқындатады. Бұл пәтерге кондиционер орнатудың қажеті жоқ деген сөз. Яғни үйдің өзінің салқындату жүйесі болады".

Бас директордың сөзінше, көпқабатты үйдің құрылысына компания 1,5 миллиард теңге жұмсаған. Ал жер асты паркингінің құрылысына 200 млн теңге жұмсаған. Сметалық жобаға сәйкес пәтердің бір шаршы метрі 167 мың теңге көлемінде болады. Компания мамандарына 25%-дық жеңілдік беріледі. Осылайша олар үшін үйдің шаршы метрі 130 теңге болады.

"Баспананы 25% жеңілдікпен алатын мамандардың жасы 45 жастан аспауы керек. Қазірдің өзінде 400 адам "ақылды" үйді сатып алуға алдын ала жазылып қойды", – деді Олег Перфилов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу