banner

Парламентке қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімі ұсынылды

740

Парламентке қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімі ұсынылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел парламентіне қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімін ұсынды. Елбасы ұсынысын ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР президенті ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес бірқатар контингенттің құрамында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгізген болатын. 

"Бірінші - БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясы. Екінші - БҰҰ-ның Кипрдағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі қарулы күштері. Үшінші - БҰҰ-ның Үндістандағы және Пәкістандағы әскери байқаушылар тобы. Төртінші - БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері. Бесінші - БҰҰ-ның Батыс Сахарада референдум жүргізу жөніндегі миссиясы", - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу