banner

Павлодар облысында электр энергиясы 10%-ға арзандады

906

Облыста электр энергиясын беру және тарату тарифі төмендеді, хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысында электр энергиясы 10%-ға арзандады

Өйткені, прокурорлық тексеріс нәтижесінде қуат таратушы компанияның тариф жасау заңдылығындағы көптеген заң бұзушылықты анықталған.

Павлодар қаласының прокуроры Айдос Шормановтың айтуынша, тексеріс барысында электр желілерін тарату компаниясы жұмысшыларына сыйақы және жолсапар шығындарын төлеу үшін электр беру бойынша қосымша табыс тапқан. Бұл қолданыстағы тарифке негізсіз қосу фактілері екені белгілі болды.

Нақтырақ айтқанда, тексеру барысында кәсіпорын соңғы екі жыл ішінде электр тарату барысында 2,7 млрд теңге көлемінде қосымша табысқа кенелгені анықталды.

"Электржелілік ұйым заңсыз қаражат есебінен жұмысшыларына сыйақылар мен іс-сапарларын төлеп отырған. Бұл әрекеттердің барлығы заңсыз деп табылғандықтан, тариф жасауға өзгерістер енгізілді. Жеке тұлғалар үшін 1 киловат/сағаттың бағасы 10,21 теңгеден асса, жаңа тариф негізінде 9,8 теңгеге арзандайды. Ал заңды тұлғалар үшін 15 теңгеден 14 теңгеге төмендейді. Нәтижесінде облыс жұртшылығы 1 млрд теңге үнемдей алатын болды", – дейді Айдос Шорманов.

Қарапайым мысал келтірсек, бір тұрғын айына 200 киловат энергия тұтынса, жылдық үнем 3 мың теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу