Павлодар облысында ер адам 51 келі бекіре балығын заңсыз аулаған

706

Павлодар облысында ер адам 51 келі бекіре балығын заңсыз аулаған

Павлодар облысында "Уылдырық шашу" жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде полицейлер Ақтоғай ауылында заңсыз балық аулаумен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  pavlodarnews.kz хабарлйады.

"Тескеру кезінде салмағы 51 келі (190 дана) бекіре балығы алынды. Алдын ала келтірілген залалдың сомасы 12 млн теңгені құрады. Бұдан басқа, балық аулайтын ау мен мотор қайық  анықталды. Аталмыш  факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларды немесе өсімдікті заңсы аулау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу