Павлодар облысында хабарландыру жүйесі тексеріледі

809

Дабыл түскен уақытта  тұрғындарға теле-радио қабылдағыштарын қосып, табиғи және техногендік сипаттағы туындауы ықтимал төтенше жағдайлар  мен басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет. 

Павлодар облысында хабарландыру жүйесі тексеріледі

2018 жылы 1 қарашада сағат 09.00-де дыбыс дабылын берудің көмегімен электросирена арқылы облыс тұрғындарын хабарландыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының хабарлауынша, "Қыс-2018" республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары шеңберінде  дыбысты дабыл "Тұрғындардың назарына!" дегенді білдіреді.

"Дабыл түскен уақытта  тұрғындарға теле-радио қабылдағыштарын қосып, табиғи және техногендік сипаттағы туындауы ықтимал төтенше жағдайлар  мен басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет.  Өңір және қала тұрғындарынан сабырлықты сақтауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу